Әуе компаниясы ұшақта ашық-шашық киінуге тыйым салды
Saudia Airlines ұшақ бортында ашық-шашық киім киюге тыйым салды. Сауд Арабиясына тиесілі әуе компаниясы ұшақта киіну дресс-кодын енгізді.
Талапқа сәйкес, әйел адамның аяғын және қолын жалаңаштауына, сондай-ақ, тырысып қалған әрі тар киімдер киюге тыйым салынады, деп хабарлайды РИА Новости .
“Жолаушылар өзіне қолайсыздық, ал өзгенің абыройына тиетіндей киім кисе (аяғын немесе қолын жалаңаштаған немесе тырысып қалған киім киген әйелдер, сондай-ақ, қысқа шорты киген еркектер), ол жолаушының тәртіпсіз әрі қайырымсыз әрекеті болып саналады», – деді компания өкілі.
Бұдан өзге, жолаушыларға жалақ аяқ жүруге болмайды. Оның үстінен қандай да бір ерсі иіс шығып тұрмауы тиіс.
Жіберіп алмаңыз:
Швецияда өткен гей-парадта Қазақстан азаматтары көк туды алып шықты (фото)
Үндістанда сот зорланған 10 жасар қыздың аборт жасауына тыйым салды
Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 19-ға жетті
Дәрігер жүкті медбикенің ішінен аяғымен теуіп, сабап тастады (видео)