Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ пен ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан шығатын барлық жол жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты Астанадан шығатын барлық жол жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: vlast.kz

"ҚазАвтоЖол" компаниясының хабарлауынша, Астанаға баратын барлық бағыт бойынша көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Елордалық "City Transportation Systems" көлік компаниясы қала маңындағы барлық бағытты уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Астанада жаңбыр жауып, кейін қатты жел тұрып, көшелер көктайғаққа айналды. Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады.

"Қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты астаналықтар мен елорда қонақтарынан жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін өте мұқият және сақ болуды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Қазгидрометтің мәліметінше, бүгін Астанада екпіні секундына 16-21 метрге жететін жел соғады. 23 қараша күні де көктайғақ күтілуде. Ал желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Талқылау