Минус 26°C-қа дейін аяз: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет 22-24 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, Қазақстан бойынша тұман, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі.
Тек батыста, оңтүстік-шығыста, сондай-ақ 24 қаңтарда елдің орталығы мен шығысында, оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын болады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді.
Республиканың батысындағы ауа температурасының негізінен түнде 3-18°C аяз, күндіз 1-13°C аяз, Маңғыстау облысында күндіз +2+7°C болады деп болжанады.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 18-28°C аяз, күндіз 10-20°C аяз болады. Орталық пен шығыста түнде 8-26°C аяз, күндіз 5 ... 20 аяз. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 2-20°C аяз, күндіз -5+5°C болады.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық