Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әлібидің ісі” бойынша сотталған Қайрат Жамалиев қоныс колониясына ауыстырылады

Сотталған Қайрат Жамалиев қоныс колониясына ауыстырылады.

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қапшағай қалалық сотының 11 қарашадағы шешіміне сәйкес, сотталған Жамалиевтың минималды қауіпсіз мекемеге ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлады сот баспасөз қызметіндегілер.

Аталған шешім заңды түрде күшіне енген соң Қайрат Жамалиев жазасының қалған мерзімін қоныс колониясында өтейтін болады. Оның 4 жыл 4 ай 28 тәулік жаза мерзімі қалды.

Есктеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Қайрат Жамалиевтың Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуына қатысты дау басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов түрлі жарақат алған баласының суретін әлеуметтік желіде жариялап, , оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиевтың ұрғанын айтқан. Кейіннен кәсіпкер ұсталып, 13 жылға сотталды.

 

Талқылау