Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Байзақова теріс жолға түсуінің себебін ашып айтты

Атышулы Айжан Байзақова теріс жолға түсуінің себебін ашып айтты. Оған бойжеткеннің өміріндегі қиын жағдай себеп болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айжан Байзақова Telegram желісіндегі арнасында теріс жолға түсуінің себебін айтып берді.

«Біз 2013 жылы 26 маусымда Байзақова көшесінде таныстық. …Ол кезде мен боянбайтынмын, шылым шекпегенмін, ішімдік ішпегенмін, клубқа да барып көрмегенмін. Ол түнгі сағат 10-да мені үйге әкеліп тастайтын. Бәрі жақсы, әдемі болды. Мен ол үшін бәліш пісіріп, шұлығын жинауда үйрендім.

Мен оған қатты ғашық едім. Оның көзіме шөп салып жүргенін де білдім. Бірақ оған көз жұмдым. Себебі жоғалтып алудан қорықтым. Ол Чукоткадан қайтып оралғаннан кейін: «Клубта тек жеңіл жүрісті қыздар ғана бар, олар ішіп, шылым шегеді. Ал сен, балақай, ен кереметсің», – дейді Байзақова.

Айтуынша, 2014 жылы сүйіктісі ұсыныс жасапты. Алайда біраз уақыттан кейін араларындағы қарым-қатынас күл-талқан болған.

«2014 жылдың 26 желтоқсанында ол маған ұсыныс жасады. Біз Талдықорғанға бардық. Ата-аналармен танысу, тойға дайындалу. Бір жыл бірге тұрғаннан кейін мен оны одан да қатты сүйдім. Өзімді ұмыттым. Бірақ мұнан кейін сұмдық жағдай орын алды. Қазір мен оған менің қиналғанымды көру өте қиын болғанын түсінемін. Қандай жағдай екенін айтпаймын. Мен үшін бұл қайғылы жағдай болды. Оған деген бар махаббатымның күл-талқаны шықты.

Мен Грузияға ұшып кеттім. Алғаш рет шылым шегіп, ішімдік ішіп көрдім. Алғаш рет клубқа бардым. Мен өзімнің еркін адам екенімді түсіндім. Осылай жеңіл. Мен барлық жағынан алғанда жалғызбын. Ол адамға ренжімеймін. Бірақ ер адамдарға деген қарым-қатынасым 200 пайызға өзгерді. Мен отбасы үшін жаралған адам емеспін. Өзіммен-өзім болған ыңғайлы. Ешкім маған қалай демалып, не істеу керегін үйретпейді», – дейді ол.

Байзақованың айтуынша, ер адамдардан көңілі қалған “жақсы” қыздардың Байзақоваға айналып шыға келуі ғажап емес.

«Ерлер, жақсы қыздарды ренжітпеңдер. Әйтпесе олар да Байзақоваға айналып шыға келеді. Бұл жағдайдан кейін өзіме келуім қиын болды. Өлімнен де қорықпадым. Себебі бәрін жоғалттым. Сол кезде осылай ойлаған едім. Ата-анамнан бөлек шытым. Оларға бұл жайдың жаныма қалай бататынын көрсеткім келмеді. Иә, шектім. Тек шылым ғана емес. Мен тым оқшауландым. Ешкім көмектесе алмады. Мен жалғыз қалдым. Сөйтіп өзімді ақырындап өлтіре бастадым. Өз-өзімнің шашымды қиып, татуировка жасадым. Бірақ артынан өзіме «тоқта!» дедім. «Байзақова, сен өзіңді ғана емес, туыстарыңды да өлтіріп жатырсың. Оян. Өмір сүр. Бұл өтті. Ер адамдар сенің көз жасыңа лайық емес. Енді сен олардың жанын ауырту керексің», – дедім өзіме», – дейді Байзақова.

Оқи отырыңыз:

Алматыда ХҚКО қызметкері 25 литр қан тапсырды

Танымал журналистер Беларусь еліне алтын әперген қазақ қызына сый беруді ұсынды

Ақтөбеде құқық қорғаушы ақыл-есі кем балаларға жәбір көрсетілетінін жайып салды

Атырау облысының экс-әкімі жауап алу үшін Астанаға шақыртылды

Талқылау