Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыс кезінде жараланып, төсекке таңылған полицейге медаль берілді

«Ерлігі үшін» медалімен тараздық сақшы да марапатталды. Сый құрмет оған Астанада тура госпитальда жатқан жерінде көрсетілді, деп хабарлайды КТК.

Безымянный

Полиция сержанты Таразда тапа-тал түсте тұрғындарға қарсы қару қолданған қылмыскерді құрықтау кезінде жараланған. Қаскөй өзін тоқтатпақ болған сақшының тура желкесінен оқ атыпты. Енді апталдай азаматтың аяқ-қолы істемей 6 айдан бері төсекке таңылып жатыр.

Қазір басшылары Бекжанды шетелде емдету мәселесін қарастыруда. Жалпы, тәуелсіздік жылдары елімізде 2 мыңнан астам полицей қызмет барысында жараланып, өмір бойы мүгедек болып қалған. Ал 764 сақшы оқиға орнында жан тапсырды. Ал Бекжан болса, басына түскен қиындықпен күнде күресіп жүр. 27 жастағы сақшы тез аяққа тұрып, қайта қатарға қосылуды және үйленуге асығып отыр.

“Қызмет барысында тұрған кезде, көз алдымда атыс болып, бір азаматты атып кетті. Сонымен мен қарап тұра алмадым. Қылмыскерді ұстауға, жіберіп алмаудың амалы болды. Қалыңдығым да бар болатын. Үйленсек деп жүргенбіз. Осындай жағдайға ұшырадық. Енді Құдай қаласа аяққа тұрсақ болар”, – деді Тараз қаласы ІІД ЖПП батальонының сержанты Бекжан Тіленшиев.

Оқи отырыңыз:

Букмекерлік кеңседен ірі ұтысын ала алмаған алматылық жігіт Рамзан Қадыровтан көмек сұрады

Ғаламторда қазақтың «естен тандырарлық» тойы туралы ролик тарады (видео)

Қазақстанда жаман жолмен ақша табатын интернет-дүкендер белгілі болды

Назарбаев өзіне айтылатын жағымпаз мақтаулар жайлы айтты

Талқылау