Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуов тағы істі болды

Кісі өлтіргені үшін сотталған атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуовке қатысты тағы да бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы оған тергеу қапасының басшысын сабады деген айып тағылып отыр. Атыраудағы УГ 157/1 мекемесінде жатқан Өтеуов тәртіпке бағынбаған көрінеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Безымянный

Ол тіпті өзіне тергеу қапасының бастығымен кездесуді талап еткен. Ал ол келгенше электр шамдарының қалпақтарын, бейнебақылау камераларын және ішкі желдету жүйелерін сындырған дейді тергеу материалдарында. Экс-полицей бастық келгенде де сабасына түспей, жұдырық ала жүгіріпті. Енді түрмеде де тыныш жатпағаны үшін жаза үстіне жаза арқалайын деп отыр.

Естеріңізге салсақ, Манарбек Өтеуов Өзбекстан азаматын өлтіргені үшін 22 жылға сотталған. Сондай-ақ, атышулы хат жазып, өз басшылығын әшкере еткен болатын. Ол хат бойынша, 9 полицейге іс қозғалып, төртеуі сотталды. Ал Өтеуовтың бұрынғы бастықтарына қатысты іс әлі бөлек қаралып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында қытайлық кәсіпкер мен Қазақстан азаматтары соттасып жатыр

Жолаушы метрода сүйіскен жігітті балағаттап, вагоннан теуіп түсірді

Дәретхана алдында жатқан Абай суреті бар кілемше жұртты ашуландырды

Ақмолалық азамат алғашқы махаббатын 50 жасында жолықтырып, отбасын құрды

Талқылау