Атыраулық балалар енді университетте білім алатын болды
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде бастау алған жоба Kids University деп аталады. Әлем бойынша осы іспетті 150 оқу орны бар.
Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.
Оқушылардың жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының аясынан шығып, халықаралық білім кеңістігіне енуіне жағдай жасау, ғылымға баулу, жаңа технологияларды қолдана білуге үйрету Балалар университеті арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл жобаның ерекшелігі – жасөспірімдер оқып қана қоймай, ғылым мен техникаға қатысты сауалдарына жауап алады.
Ғалымдар қызықты дәрістер өткізеді.
“Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы кезінде аймақтағы 5-11 сыныптарда оқитын 52 оқушы университетке қабылданды. Математика, информатика, экология, ағылшын тілі, тарих пәндерінен сабақ алып, көркемсурет студиясында жұмыс істеді. Оларға арнайы студенттік билеттер табысталды”, – дейді Балалар университетінің ректоры Орынгүл Әбілова.
Оқи отырыңыз:
Павлодарда студент суға батып өлмекші болған қарияны құтқарып қалды
Алматыда университет жатақханасындағы студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
11 баланың əкесі: Азық-түлікті қаптап аламыз (фото)
Ақмола облысында бүтіндей бір ауыл тұрғындары келесі бетке қайықпен қатынап жүр

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
