Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда студент суға батып өлмекші болған қарияны құтқарып қалды

Павлодарда өмірімен қош айтыспаққа бекінген 69 жастағы зейнеткер Ертіс өзеніне секірген.

7777777

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бақытқа орай, сол маңда болған медициналық колледждің студенті 18 жастағы Азат Кәкенов қарияны құтқару үшін талпынған.

Азат Кәкенов – медициналық колледждің үшінші курсында білім алатын болашақ дәрігер. Ол бос уақытында серуендегенді ұнататын.

“Мен оны көргеннен кейін ізін аңдып, артынан суға секірдім. Біз оны алып шығып, сырт киімін шешіп жылыттық”, – дейді Азат.

Судан алып шығуға өтіп бара жатқан басқа да адамдар көмектескен. Ал зейнеткер болса ақшаның жетіспеушілігінен шаршап осындай қадамға барыпты.

Ер адамның үш ересек ұлы бар екен. Ал өзінің басында тұрақты баспанасы жоқ болып шықты.

“Ол психологтардың көмегіне зәру. Дәрігерлердің бақылауында он күндей болады”, – деді Павлодар теміржол ауруханасының дәрігері Нина Кожевникова.

Полицейлер мен дәрігерлер тиісті ем-домнан кейін алып кететін қарияның туыстарын да тауып қойған.

Оқи отырыңыз:

Атырауда бағасы 6 миллион теңге тұратын балық ауланды

Әйгілі «Челси» немесе «Милан» командалары Астанаға келіп Қазақстан құрамасымен ойнамақ

Петербордағы жарылыстан соң Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қостанайда дәрігер қыз ұры болып шықты

Талқылау