Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Атырау облысында 2 қыркүйектен бастап іздестіріліп жатқан жеткіншек өлі күйінде табылды.

«5 қазан күні Жылыой ауданы каналдарының бірінен жасөспірім баланың денесі табылды. Алдын ала жорамал бойынша ол 2 қыркүйектен бері із-түзсіз кеткен Өзбекстан азаматы Асылбек Хамроевтың мәйіті болуы мүмкін. Қазір мәйітті тану жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан да табылған мәйіттің нақты кімдікі екендігін айта алмаймыз», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Атырау облысында 2 қыркүйекте аудан орталығы Құлсарыдан 80 шақырым жердегі Биікжал қыстағынан шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 14 жастағы Аслбек Хамроевті іздестіру жұмыстары жүріп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

14 жастағы жасөспірім баланың анасы Өзбекстан азаматы, полицияға өтінішті ұлы із-түзсіз кеткеннен кейін 10 күннен кейін ғана түсірген. Ол Асылбекті Құлсары қаласына жетті деп ойлаған.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Лыпасы шешіліп қалғанына қарамай билеген әйел елдің ашуын келтірді (видео)

Алматыда бензиннің 10 күндік қана қоры қалды

Талқылау