Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жігіттер балконға өрмелеп, құлап кете жаздаған азаматты құтқарып қалды (видео)

Атыраулық тұрғындар балконнан құлап кете жаздаған ер адамды құтқарып қалды.  Оларға балкондар арқылы жоғарыға өрмелеп шығу үшін бірнеше секунд қана қажет болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Атырауда жігіттер балкон арқылы жоғарыға өрмелеп шығып, биіктен құлап кете жаздаған ер адамды құтқарып қалды (видео)

Атырауда көпқабатты үйлердің бірінде балконға бір қолымен ілініп тұрған ер адам құтқарылды.

Куәгерлер ер адамның неліктен мұндай жағдайға тап болғанын білмейді. Алайда оқиғаны видеоға түсіріп алған.  Видеода ер адамның балконның жиегінен бір қолымен ұстап тұрғаны байқалады. Оны бір әйел қолынан тартып, көтерілуіне көмектесуге тырысуда. Артынша ер адамды байқаған 3 жігіт балкондар арқылы жоғарыға өрмелеп шығып, оны балконға кіргізіп алды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АТЫРАУ АВТО СООБЩЕСТВО#️⃣1️⃣ (@zello_atyrau)

Өз кезегінде желі қолданушылары жігіттердің әрекетіне тәнті болып, олардың кинодағы «Өрмекші адамның» өзі қызығарлықтай батылдық жасағанын айтып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау