Атырауда өзін-өзі өртеп жіберген прокурордың көмекшісіне сот үкімі шықты
Атырау қалалық №2 соты прокурордың экс-көмекшіcі Лейла Смадиярованы 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.
Сот айыпталушыға қатысты “Пара алу” және “Пара алуға итермелеу” баптары бойынша үкім кесті. Осылайша ол жазасын 7 жыл бойы жалпы режимдегі колонияда өтейтін болған.
Алайда ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланыcты қабылданған рақымшылыққа сәйкес жаза екі есеге қысқартылып, 3 жыл берілді.
Оның кәмелеттік жасқа толмаған 2005 және 2016 жылдары туған балалары тұрғылықты жері бойынша қамқорлық органдарына беріледі. Туыстары қамқорлық мәселесін шешкеннен кейін өз қарамақтарына алуы мүмкін.
Оқиға 31 қаңтар күні болған. Облыстық прокуратура ғимаратының алдында Атырау облысы прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла Смадиярова өзін-өзі өртеді.
Оқи отырыңыз:
Теріс діни ағымнан қайтқан 52 жастағы шымкенттік азаматтың оқиғасы
Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді
Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр
Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр