Атырауда офицер-барлаушы асылған күйінде табылды
Атырауда барлау полкының офицері өз-өзін өлтірген. Жағдай бойынша осындай болжам жасалуда.
Фото: Sputnik / Виталий Белоусов
Бұл туралы “Ақжайық” басылымы хабарлайды.
3 желтоқсан күні Молдағалиев көшесіндегі гараждан 41433 әскери бөлімінің (жеке барлау полкы) 24 жастағы лейтенанты асылған күйінде табылды.
Батыс өңірлік әскери прокурорының орынбасары Думан Әбеуовтың сөзінше, офицер электр бауына асылған. Әскеридің денесінен зорлық белгілері байқалмаған. Қалтасында ұялы телефоны мен ақшасы болған.
Болған жағдайға әзірге суицид деп баға берілуде. Зерттеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды
Отандық радиожүргізуші Әлия Жүсіпова өмірден өтті
Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты
Жастайынан жетім қалып жақындарынан қорлық көрген қыз адам сенбес күйде тұрып жатыр