Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда көршісін пышақтап өлтірген азамат ұсталды

Атырау облысының Индер ауданында көршісін пышақтап тастаған азаматқа қатысты тергеу амалдары басталды. 

information_items_20244

Бұл туралы редакциямызға Индер аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу құжаттарына сәйкес, 5 қыркүйек күні күдікті К. есімді азамат көршісімен келіспей, өзара жанжал туындаған. Кейін күдікті үйінен асхана пышағын алып шығып, жәбірленушінің кеудесіне екі рет соққы жасапты. Салдарынан жәбірленуші оқиға болған жерде көз жұмған, деп жазады Атырау газеті.

К.-ның жасаған қылмысы – аса ауыр санаттағы қылмыс қатарына жататындықтан, тергеу және сот органдарынан қашып кету, тергеуге және сот ісін жүргізуге кедергі келтіру мүмкіндігі бар екендігі ескеріліп, оған қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» санкциясын беру туралы өтініш қанағаттандырылды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Тағы да оқыңыз:

Петропавлда ұлттық гвардия курсантын өлтіріп кетті

Алматыда топырақ астында қалған 18 жастағы жігітті ешкім құтқара алмады

Таразда елдің үрейін ұшырған қанішер адамдарды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған

Талқылау