Атырауда күйеуі үйден қуып жіберген әйелі суықта 4 баласымен далада қалды
Төрт баланың анасы қазір балаларымен бірге жатақхананың бір бұрышын мекен етіп отыр. Ол бастапқыда күйеуімен енесімен бірге тұрған. Кейін жұмыс істемейтін күйеуі Гүлмира Мусинаны далаға балаларымен бірге қуып шыққан. Көп балалы ананың туыстары да жоқ екен, деп хабарлайды Мой город.
Ол қазір күйеуінің жұмыс істемейтінін, сондықтан алимент те төлей алмайтынын айтады. Оның үстіне өмірге келгеніне 40 күн ғана болған кенже баласының туу туралы куәлігін де жасатпапты. Оның құжаттарын рәсімдейтін мүмкіндігі жоқ екенін алға тартады.
Өзі «Аналар үйіне» хабарласқан. Ондағылар тек бір баламен ғана алатынын айтып, үлкен балаларын интернатқа өткізуін сұраған. Алайда, Гүлмира бұл ұсыныстан бас тартқан.
2 желтоқсан күні әлеуметтік қызметтегілермен бірге прокурорлар көп балалы ананың жағдайын біліп қайтты.
«Бір баласы қатты ауырып қалыпты. Біз оған қажетті дәрі-дәрмегін алып бердік. Олардың тіпті жейтін нандары да жоқ», – дейді қалалық проуратура баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оларды оңалту орталығына тұрақты мекен-жайынсыз қабылдау ісі қарастырылып жатыр. Кейін әлеуметтік жоба аясында 4 балалы ананы жатақхананың арзандау бөлмесі не орналастыру жағдайы қолға алынады.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды
Мемлекеттік қызметкерге жұма намазына баруға рұқсат бар ма
Жас жұбайлар думандатып той жасаудың орнына 30 балаға қыстық киім алып берді