Атырауда балықшылар аулаған балықтарының бәрін зейнеткерлерге таратып берді (видео)
Атырауда қыста балық аулау спорты бойынша жарыс өтті. Жарыс соңында еріктілер ауланған балықтардың барлығын зейнеткерлерге таратып берді.
Бұл туралы «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сенбі күні өткен жарыста 80-ге жуық балықшы жиналды. Олардың ішінде ересектермен қатар балалар да бар.
Балық аулау бойынша жарысқа қатысқан жалғыз әйел Айман Паласова Алматыдан арнайы келіпті.
«Желге де, аязға да қарамадым. Жарыс ұйымжастырушыларын және жалғыз қалған егде жастағы адамдарды қолдау үшін күйеуім екеуіміз келдік», – дейді Айман Панасова.
Қайырымдылық акцисын ұйымдастырушылардың сөзінше, биыл қайырымдылық мақсатында ұйымдастырыған балық аулау бойынша жарысқа қатысқан қатысушылар саны арта түскен.
«Бұл қайырымдылық акцияны 2014 жылдан бері өткізіп келеміз. Жалғызбасты зейнекерлердің тізімін қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен аламыз. Бұл жолы тізімде 24 адам бар. Жарыс аяқталып, жеңімпаз анықталғаннан кейін ауланған балықтардың барлығын тізімдегі мекен жайларға апарамыз», – дейді ерікті Жандос Әлимағанбетов.
Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушылардан бөлек, жарыс өткен аумақта Атырау облысы бойынша аумақтық инспекция және орман шаруашылығы қызметкерлері де болып, балық аулау ережелерінің сақталуын қадағалады.
Жарыс соңында ауланған балықтардың барлығы теңдей бөлініп, зейнеткерлерге үлестірілді.
Оқи отырыңыз:
Қазақ неге жеті атаға дейін қыз алыспайды?
Қазақстандықтар тегін білім ала алатын шетелдік ЖОО-лар тізімі белгілі болды
Атышулы Байзақова теріс жолға түсуінің себебін ашып айтты
Танымал журналистер Беларусь еліне алтын әперген қазақ қызына сый беруді ұсынды