Атырауда үлкенге араша боламын деп көз жұмған жігіттің әйелі жанайқайын жеткізді
Бауыр еті езіліп, өкініштен өзегі өртеніп, қайғыдан қан жұтқан құрсағында сəбиімен жесір қалған жұбайы Мира Кабдолова мен ата-анасы жанайқайын жеткізді.
“2017 жылдың 13 шілдесі күні Атырау қаласы, Камышинская көшесінде адам қолынан 1988 жылы туған Жұмалиев Ғалымжан басқа тиген ауыр тепкіден миына қан құйылып ауыруханаға жетпей, тілге келмей жан тапсырды. Ол жасы үлкен адамды қорғаймын деп, араша түспек болған”,- деп жазады желіде.
Ал басына тепкен, өлімге тікелей қатысы бар Атырау қаласының тұрғыны 1998 жылғы Ернар Амандық əлі күнге дейiн қашып жүр. Іздестіруліде, табылған жоқ. Күдікті Ернар Амандықтың табылмауы жүріп жатқан қылмыстық істің бұрмалануы мүмкін деген күдік туғызуда. Себебі, біріншіден, ата-анасы немесе ағайын-туысы келіп кешірім сұраған жоқ . Соған қарағанда, өздерін кінәлі сезініп отырған жоқ. Екіншіден, алғашқы берілген сот-медициналық сараптама бойынша марқұм Жұмалиев Ғалымжан ешқандай соққыдан өлген туралы мәлімет жазылмаған. Біздің түсінгеніміз бойынша қан қысымының көтерілуінен өлген деп жазылған, гиппертониялық аурудан болғанын көрсетілген.
Ғалымжан NCOC мекемесінде Қарабатанда өрт сөндіруші болып жұмыс жасады, мезгілімен бүкіл қатал медициналық тексерістерден өтіп тұрды, сондықтан біз прокоротураға алдын ала келген дəрігерлік қорытындымен келіспейтінімізді жаздық, əлі де келетін соңғы сараптама қорытындысының бұрмаланбай əділ шығатынына үміттенемiз.
Бұл осыдан құтылып кетсе, жазасыздығын сезініп, тағы да осылай қылмыс қайталамасына кім кепіл береді?! Сондықтан да, осы істі жүргізіп отырған тергеушілерге, сот-мед қорытынды беріп отырған сарапшыға да, осы іске қатысты заң қызметкерлеріне əділ болуларыңызды сұраймыз.
Дəл осы оқиға Камышиская көшесінде кешке орын алған. Сол жерде, сол күні көп кісі көрген, бірақ көпшілігі көрсе де көрмеген болып отыр.
Fалымжанның армандары, жоспарлары өте көп еді. Əр мұқтаж адамға қолдан келер көмегін аямайтын еді. Қамқор ұл, адал жар, достықта кең жүректі, ақ көңіл, мейірімді жан еді, əттең. Иə, өкініштен жүрегiмiз жылап, қан жұтып, əділеттік іздеп, біз асықанымызбен Алла асықпайды ғой, кінəлі өз жазасын алады істеген істері үшін!”, – деп жазады жақындары.
Тағы да оқыңыз:
Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің анасы оқиғаға полицейлерді кінәлайды (фото)
Педофилдің құрбаны болған 5 жасар қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрайды