Атырау тұрғыны қызы өзіне ұқсамағандықтан ДНК сараптамасын жасатып тексеруді талап еткен
И есімді сотқа арызданып, А. есімді азаматтық некеде бірге тұрған әйелден туған қызынан әкелік міндетінен айыруды сұраған.
Бұл туралы Ақ Жайық хабарлайды.
Оның бұлай істеуіне өзін қыздың әкесі еместігін айғақтайтын ДНК сараптамасы себеп болған. Ер адам азаматтық некеде тұрған әйелден туған қызының уақыт өте өзіне ұқсамайтынын байқай бастайды. Ақырында ДНК сараптамасын өткізуді жөн көреді.
ДНК бірнеше рет бірдей нәтиже көрсетіп, өзінің қыздың биологиялық әкесі еместігін анықтаған.
Сот И. есімді азаматтың арызын қанағаттандырып, әкелік міндетінен айырды. А. есімді азаматшаға сот шығынына байланысты 168 101 өтемақы төлеу міндеттелді.
Жіберіп алмаңыз:
Вьетнамда бір анадан туған егіздердің әкелері бөлек болып шықты
Дариға Назарбаева Баян Есентаеваға қолдау білдірді
Жасырын түрде темекі шеккен 8-9 жасар қазақ баласы жұртты таң қалдырды (видео)
Талқылау