Вьетнамда бір анадан туған егіздердің әкелері бөлек болып шықты
Вьетнамда өмірде сирек кездесетін құбылыс болды. Бір анадан туған егіздердің әкесі бөлек болып шыққан.

Сараптама нәтижесінде осыдан екі жыл бұрын бір анадан бір уақытта дүниеге келген егіздердің әкесі екі адам болғандығы анықталды. Олар бір біріне мүлде ұқсамайтын болып туылғандықтан, күйеуі әйелінен ДНК тестін тапсыруды талап еткен.
Тексеру барысында егіздердің бірінен соң бірінің 48 сағат ішінде жатырға біткені анықталды. Егіздердің біріншісін әйел өз күйеуінен көтерген.
Агенттік әйел мен күйеуінің, сондай-ақ, егіздердің есімдерін атамайды. Ата-аналар Орталық генетикалық сараптама мен Ханой технологиясына есімдерін ататпай зерттеуге қатысуға келіскен.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады