Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысының тұрғыны үйсіз жүрген ауылдасына баспана салып берді (фото)

Атырау облысы, Жылыой ауданында жомарт жандар аз емес. Солардың бірі, кәсіпкер Сейітжан Балжігітов. Ол жақында ғана жалғызбасты ауыл тұрғынына баспана салып берді.

Кәсіпкер елбасының  “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты мақаласында айтылған  100 жаңа есімді толықтыруға әбден лайық. Өйткені, ол ауылдастарының айтуынша әлеуметтің әлеуетін арттыруға зор үлес қосып отыр, деп хабарлайды Қазақстан-Атырау арнасы.

IMG_0639-640x427

Шоқпартоғай ауылының тұрғыны Бейсенғали Ғабдулиннің баспанасы 1969 жылы салынған. 50 жылға жуық жөндеу көрмеген үйдің әбден тозығы жеткен. Өткен жылы жауған жаңбыр салдарынан үйдің іргесі құлады. Ауыл тұрғыны аудан басшыларынан көмек сұраған, алайда саманнан салынған үйдің қайта жөндеуге келмеді.

20170630102108

“Өзім 30 мың теңге айлық аламын. Табысы жоқ адамға үй салып беру азаматтық емес пе? Оған көп рахмет. Алла риза болсын”, – дейді Бейсенғали Ғабдулин.

Халық қалаулысы Сейітжан Балжігітов Шоқпартоғай ауылында туып өскен. Өз ауылының мұң-мұқтажын ескерусіз қалдырмайтын азаматқа ауылдастары дән риза.

20170630133227

“Сейітжан Балжігітов кәсіпкер ретінде танымал азамат. Ол үнемі мәдени көпшілік шаралардың басы-қасында жүреді. Ауыл тұрғындарына қайырымдылық жасап жүретін азамат”, – дейді Шоқпартоғай селолық округінің әкімі  Ерболат Елеусінов.

Жаңа үйдің құрылыс жұмыстары мамыр айының басында басталған еді. Бір айдың ішінде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Кәсіпкер жаңа баспанаға электр желісі мен газ құбырын да жүргізіп беруде. Онымен қоса үй ішін керекті дүние-мүлікпен де жабдықтауда. Ауыл тұрғыны көп ұзамай қоныс тойын тойлағалы жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда ашу-ызадан, күйзелістен арылтатын бөлме ашылды

Түрік жігіті үшін төбелескен қыздар жұрттың ашуын келтірді (видео)

Оралда араққа сылқия тойған ер адам өз анасын пышақтап өлтірді

Талқылау