Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ашу-ызадан, күйзелістен арылтатын бөлме ашылды

Атырауда күйзеліспен күрес бөлмесі ашылды.

IMG_0639-640x427

Егер көңіл күйіңіз түсіп, күйзелістен шыға алмай жүрсеңіз бойыңыздағы жаман энергиядан арылу үшін жаңа орталыққа барып қалаған затты сындыруыңызға болады. Ал бұл істің шын мәнінде адамға берер пайдасы қандай?, – деп хабарлайды Қазақстан-Атырау телеарнасы.

“Ашулы адам отбасына, достары зиян тигізуі  мүмкін. Сол жағынан сақ болу керек. Ашуланған кезде осындай жерге келіп, ыдысты не затты сындырып өзіңді тыныштандыруға болады”, – дейді “Втрясочка” жобасының авторы Ольга Лызлова.

235

Қауіпсіздік үшін қолғап, бас киім, көзілдірік беріледі. Владислав орталыққа тұрақты келушілердің бірі. Ол жұмыстан шыққан соң орталыққы міндетті түрде келіп, күні бойы жинаған стресті шығарады.

20170630102119

“Бұл жер күйзелістен арылудың ең жақсы жолы. Күні бойы жұмыстан шаршағаның басылып, жеңілдеп қаласың”, – дейді Атырау тұрғыны Владислав Гуртовой.

Мәселен, теледидарды не басқа заттарды балтамен шағып сындырып кете беруге болады. Мұнда қала тұрғындарының істен шыққан заттары қойылған.

19510153_302674870191988_7918731916093950504_n

Бұл жерге кәмілет жасқа толмағандар кіре алмайды. Сонымен бірге ішімдік ішкен, жүйке жүйесі төмен адамдарға да кіруге рұқсат жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Түрік жігіті үшін төбелескен қыздар жұрттың ашуын келтірді (видео)

Биыл ҰБТ-дағы ең жоғарғы балды алматылық түлек жинады

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды

Талқылау