Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл ҰБТ-дағы ең жоғарғы балды алматылық түлек жинады

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Биылғы жылы бұл тест жаңа форматта өткізілген болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

f5d6341a31e4a9914d26b9a27f4

ҚР БҒМ ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұловтың айтуынша, ең жоғарғы балды Алматы қаласы Мақатаев атындағы №140 гимназияның оқушысы Саят Тасан жинаған. Ол 140 сұрақтан 139 балл жинай алыпты.

Жалпы, ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген 92 827 адамның 88 583-і тапсырып шыққан. ҰБТ қорытындысында бүкіл Қазақстан бойынша орташша балл 80,5 пайызды құрады. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 81 пайыз болған еді.

50 балдық шектен 74 517 түлек асқан, оның ішінде 60-65 балды – 5935, 66-119 балды – 52 717, 120-139 балды – 5064 адам жинаған. Шекті балл мөлшерін (50 балл) 14066 адам бағындыра алмапты.

Тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тестілеу кезінде 12 адам шеттетілген. Жалпы, Қазақстан бойынша 43 394 электронды құрылғылар, 42 052 қағаз деректері тәркіленіпті.

Аппелляциялық комиссияға 199 тест тапсырмасы түсіп, оның 103-і қанағаттандырылған.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 12 жастағы бала мерзімінен бұрын мектепті үздік бітіріп шықты

Ақтөбеде “полицейден қорлық көргенін” айтқан тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды

Құранды алғаш рет қазақ тіліне аударған ғұламаның кім екенін білесіз бе?

Талқылау