Құранды алғаш рет қазақ тіліне аударған ғұламаның кім екенін білесіз бе?

Жұма, 30 Маусым , 2017 12:06

Халифа Алтайдың теолог, дінтанушы, қоғам қайраткері әрі ғұлама болғаны белгілі. Ол бірнеше бағытты қатар ұстап қана қоймай, әр салада өзінің еңбегін қалдырды. Оның өмірі жайлы естеліктерді оқи отырып, ұстанымға берік, нағыз байлықты ғана бағалайтын адам болғанын түсінесіз.

халифа-алтай1
Биыл қасиетті Құран кітабын қазақ тіліне тәржімалаған ғұлама Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай тек өзімізде емес көптеген көршілес елдерде ғалымдың елге сіңірген еңбегі дәріптеліп, артына қалдырған мұрасы насихатталып жатыр.

Ұлт зиялысының мерейтойы еліміздің бар аймағында, Түркия, Қытай және Еуропаның бірқатар елдерінде атап өтілуде.

халифа-алтай

Қазақтан шыққан ғұламаның еңбектері қазірге дейін аса жоғары бағаланады.

«Бүкіл Құран 114 сүреден, 6300 ден аса аяттан, 77 мың 400 ден аса кәлимадан тұрады. Бұның бәрін сөзбе-сөз аудару дұрыс болмайды. Мысалы, мен сені жақсы көремін деген сөзді тура мағынасында орыс тіліне аударса, я тебя хорошо вижу деген мағына болады. Ал, тілді түсінбеген адамдар Құранды осылай аудара бастады.

Ал, негізінде олай сөзбе-сөз аудару дұрыс емес. Сол үшін Ислам ғалымдары қарсы шықты. Халифа Алтай аудармасы – нағыз ғылыми-акдемиялық аударма. Аудармада діни сөздерге дұрыс мағына берілген. Қиын жерлерінде, Ибн Касир, Табари, Жәләлиддин секілді ғалымдардың еңбегіне сілтеме беріп үлкен ғұламалардың еңбегіне жүгініп, тығырықтан шыға білгені керемет даналығы.

Ал, басқа аудармашылардың қателігі, осылайша ірілердің етегінен ұстамағаны, өзім білемдікпен жасағаны. Ондай аудармаларда қате кездеседі, тіпті тура жолдан адасуға апаруыда мүмкін» – дейді ҚМДБ-ның республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, исламтанушы Қуанышбаев.

Дін қайраткері Халифа Алтай – Ислам дінінің таралуына баға жетпес еңбек сіңірген, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Түрік әлемінің ғұламасы».

Х.А.Ғақыпұлы ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, имани кітаптарды таратуға еңбек сіңірген. Қасиетті Құранды қазақ тіліне ең алғаш аударған ғұлама ақсақалымыз халықтың рухани санасын жаңғыртқаны сөзсіз.

Талдықорған қаласында «Алаш» партиясы ұлттық ұйымының және мұсылман әлемінде діни-танымдық сананы жаңғыртуға үлес қосқан, көрнекті қайраткер, ағартушы-ғалым Халифа Алтайдың 100 жылдығына орай «Ұлттық сана және рухани жаңғырудағы тектілік феномені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына және алаш арыстары мен Халифа Алтайдың рухына арналған ас өткізілді.

Жиынға ғұламаның еңбегін елге насихаттап жүрген азаматтар, өнер мен ғылым саласындағы майталмандар. Халифа Алтайдың шетелде тұратын балалары қатысты. Олар Халифа Алтайдың өмірінен, ғылымдағы ізденістері мен мұраларынан жастарға өнеге боларлық жайттарды баяндап берді.

Оқи отырыңыз:

Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?

Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)

Батыр Байназаров: Мақпал Исабекова екеуміздің махаббатымызға сеніңіздер

Жанар Дұғалова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар