Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады (видео)

Әнші Жанар Дұғалова Ораза Айт мерекесінің бірінші күні балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады.

19227908_479536732383093_4224660141653360640_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ол туған сіңлісі Айжанмен бірге Алматыдағы №1 балалар үйінде болып, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндермен жүздесіп қайтты.

Оларға түрлі тәттілер мен сыйлықтарын ала барған Жанар балалардың көңілін бір серпілтіп тастады. Кездесу барысында Дұғалова бірнеше ән орындап, балалармен би билеп қайтты.

Әншінің өзі жүктеген видеодан тәрбиеленушілердің мәз-мейрам болып, бір жасап қалғанын анық көруге болады.

Желідегілер Жанардың ісіне тәнті болып, “эстрадамызда осындай мейірімді әншілер көбейсе екен” деген тілектерін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекованың жаңа автокөлігі қызу талқыға түсті

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Бағлан Әбдірайымов көп әйел алуды заңдастыру керектігін айтты

Димаштың концертінде кей орындардың билеті екі рет сатылған

Талқылау