Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?

Жұма, 30 Маусым , 2017 10:31

“Бастау” концертінде Димаштың сахналық образдарын жасау Сәкен Жақсыбаевқа тапсырылған. Көбінесе нәзік жандыларға киім даярлайтын дизайнердің Димашқа киім тігуі көпшіліктің талқысына түсті.

димаш бастау дедім

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлады.

I am a Simger жобасы Димаш Құдайбергеновтің атағын ғана асқақтатқан жоқ, өзіндік стилін қалыптастырды. “Славян базарындағы” Димаш Құдайбергенов пен бүгінгі Димаштың бойындағы өзгеріс көзге ұрып-ақ тұр.

“Жылтыр костюм киген біздің эстрадамыздағы есепсіз той әншілері сынды образына қайта оралғанын қаламадым. Қытайлық стилистер қалыптастырып үлгерген эстетиканы жалғағым келді”, – дейді Сәкен Жақсыбаев.

Сәкен Жақсыбаевтың айтуынша, Димаштың имиджін қалыптастыру жолында кәсіби команда жұмыс істейді. “Бастау” концертіндегі костюмдерді тігуді жеңіп алу үшін отандық сәнгерлермен тендерге түстім дейді ол. Мәдениет Министрлігі арнайы құрған комиссия ұснылған эскиздердің арасынан үздіктерін таңдап, 7 образды да тігуді Сәкен Жақсыбаевқа тапсырған.

“Димаштың өзі де соңғы тенденцияның бәрінен хабары бар, жан қалауын анық біледі екен. Бірден ыңғайлы, мүсініне жарасымды пішімдерді көрсетті”, – деп жалғады сөзін дизайнер.

Экспериментке құштар, ұсыныстарға ашық. Димаштың бұл қыры онымен жеңіл тіл табысуымызға сеп болды дейді сәнгер. Дегенмен әншінің образдары неге тек екі реңкпен шектелген?

“Бұл классика, ақ пен қараның үйлесімі әрқашан ұтымды көрінеді. Оның үстіне қоюшы режиссермен ақылдаса отырып, шоудың бағытына сай образдар жасадық”, – деді Сәкен Жақсыбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)

“Димаштың концерті ауыл деңгейінде өтті” деп сынаған оқырман желіні шулатты

“Иванушки International” тобының экс-солисі өмірден озды

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар