“Димаштың концерті ауыл деңгейінде өтті” деп сынаған оқырман желіні шулатты

Олжас Мұхамедидің пікірінше, Димаштың алғашқы концерті сапасыз әрі өте төмен деңгейде өткен. Ол Димашқа имидж бен репертуар жағынан өсу үшін Қазақстаннан кетуге кеңес берді.

19535169_457295277959893_8500031301473009664_n

Бұл туралы ойымен желі оқырманы Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

“Димашқа Қазақстаннан кету керек екеніне тағы да бір рет көзім жетті. Оған имидж, репертуар жағынан өсу керек. Ол той бизнес деңгейіне түсіп кетсе, сонда өкінішті болады. Оның даусы сөзсіз мықты, алайда оны халыққа жеткізуі, яғни плакаттардан бастап, жалпы концерттің форматы ауыл деңгейінде болды. Ұйымдастырылуы жағынан да сапасы төмен концерт өтті.

Жүргізушілер асаба сияқты, ал сахнада небәрі бір оператор жұмыс істеді. Ол, тіпті не түсірерін білмеді. Жұмсақ тілмен айтқанда, репертуарындағы әндер нашар болды, “Адажионы” айтпады, микрофоннан қайта-қайта ақау шықты.

Бірақ ол ән салған кезде бәрі ұмытылды. Димаш ұятқа қалдырмады, ол мінсіз әртіс! Сахнаға барын салды, отырған 30 мың көрерменнің әрқайсысын өзінің энергиясымен қуаттандырды. Осы үшін рахмет!

Жақсы жағын айта кетсем – ол жарық, сахна, субұрқақтар, эффектілер…

Дегенмен оған әлі өзінің стилін табу керек”, – деп жазды ол.

олжас мухамеди 2906

Есте болса, күні кеше Димаштың репертуарын ұнатпаған тағы бір оқырман елді шулатқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Батыр Байназаров: Мақпал Исабекова екеуміздің махаббатымызға сеніңіздер

Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі: Ұлымды сынаған елге түкіргенім бар

Жанар Дұғалова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар