Алматыда 12 жастағы бала мерзімінен бұрын мектепті үздік бітіріп шықты

Жұма, 30 Маусым , 2017 10:56

Алматы қаласының тұрғыны Абзал Мырзаш 7 жылда мектеп бағдарламасын тәмамдап, 12 жасында мектепті үздік бітіріп шықты. Вундеркинд бала ұлттық бірыңғай тестілеуден де жоғарғы балл алып, жоғары оқу орнының студенті атанғалы отыр. Алайда оқушының ата-анасы білім министрлігіне өкпелі.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Себебі мектепті жеделдетіп бітіріп шыққан балаға алтын белгі де, қызыл аттестат та берілмейді екен.

Абзалға сырттан қарасаңыз балалармен асыр салып ойнап жүрген қарапайым жасөспірім сияқты. Бірақ оның білім деңгейі өзінен бірнеше жас үлкен балалардан да артық екенін біреу білсе, біреу білмес. Даладағы достарынан қысылып тұрып сұхбат берген бала болашақта АҚШ-та білім алғысы келетінін айтты.

“Мамандықтар туралы іздестіре келе, IT-технология саласын таңдадым”, – дейді ол.

Абзал дәрігерлер отбасының тұңғышы. Оның білімге деген құштарлығын ата-анасы кішкентай кезінде-ақ байқапты. Ол үш жасында әріп танып, кітап оқыса, төрт жасында көбейту кестесін жатқа айтыпты.

“Адамдар, табиғат, жан-жануарлар туралы энциклопедия кітаптарын балаға әкеліп бердім. Сосын сол кітаптарды өздігінен оқып, игере бастады”, – дейді әкесі Дәуренбек Нысанов.

Бұл отбасының үш баласы да мектепке бес жасынан барған екен. Бәрі де үздік оқиды. Ал Абзалдың ақылдылығы сонша бір жылда екі жылдық мектеп бағдарламасын оп-оңай меңгеріп алатын. Оның республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып жүлде алған дипломдарында тіпті сан жоқ. Алайда елімізде вундеркинд балаларға көрсетілетін ілтипат аздау сияқты.

“Қала әкімі бүкіл Алтын белгі иегерлеріне салтанатты түрде марапаттарын табыстады. Соны көріп менің де балам неге салтанатты түрде алып, солардың ішінде жүрмеді деп кішкене қынжылдым”, – дейді анасы Жазира Доскеева.

Күзде Абзал студент атанбақ. Қазақ-британ техникалық студенті баланың ҰБТ-дан алған балы грантқа жетпесе, университеттің ішкі грантын бөлеміз деп уәде беріпті. Зерек ұл бұл түрімен жоғары оқу орынын да бір-екі жылда бітіріп шығуы әбден мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі даудан соң елімізде трансплантация саны күрт азайған

Еліміздің бас ветеринары 5 теңге пайда үшін ұзақ мерзімге түрмеге жабылды

Наразылық: Алматы облысында тұрғындар тас жолға жатып алды

Ақмола облысында мектеп мұғалімі есірткі сатқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Аты да теги де ерекше екен.Абзал айналайын казак елинин улт деп журеги согатын Димаш аган кусаган тилди кастерлейтин оз ултынын намысын бииик коятын азаматы бол.Багын жансын,отбасы мен озине тилекши жандардын умитин акта.Саттилик серик болсын!

  • Anonymous says:

    Грантқа түсуге тілектеспін!
    Өмірде жолы ашық болсын!
    Бұл оқиға мен жұмыс істеген мектептің тағы бір түлегінің басынан осыдан бес-алты жыл бұрын өткен. Алтын Белгіге лайық бола туралы мектепті ерте бітіргені үшін бермеген. Бірақ жоғарғы оқу орнын бітіріп, жақсы маман болды. Заңға өзгерту енгізу туралы сол кезде де ұсыныстар айтқанбыз. Жолың болсын Жас түлек!

  • Anonymous says:

    Тамаша. Елимизде осындай казак балаларын мактан етип кунде теледидардан неге корсеткенде екен? Талабына Нур жаусын. Журеги тек казак деп соксын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар