Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наразылық: Алматы облысында тұрғындар тас жолға жатып алды

Алматы облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары тайлы-тұяғы қалмай тас жолға жатып алды. Бақтыбай елді-мекенінің халқы базынасын билікке осылай жеткізбек болған. Өйткені олар ауыл ішімен өтетін жол құрылысына қарсы. Сондықтан наразы жұрт ауыр техниканың алдын бөгеп, жол жасаушыларға кедергі келтірді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

амввы

Алматы-Талдықорған тас жолының бұл бөлігі бір жарым шақырымды құрайды. Егер ол салынатын болса алпысқа жуық тұрғын үй мен коммерциялық нысанды басып өтеді екен. Сондықтан ауыл халқы құрылысты бастамас бұрын, баспаналарын сүріп, өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Тіпті жанайқайларын айтып Астанаға дейін арыз жазған. Бірақ атқамінерлерден әлі күнге жауап жоқ.

“Бас прокурорға, президентке, премьер-министрге өткен жұмада хат жазып, Астанаға дейін барып келдік. Бірақ билік тарапынан, прокуратура тарапынан ешкім жоқ”, – дейді Бақтыбай ауылының тұрғыны Қайрат Нұрханов.


Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында мектеп мұғалімі есірткі сатқан

Жаңаөзенде балабақшадағы былықты видеоға түсірген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Ақтөбеде жігіттерді әскерге жіберу үшін пара алған полковник ауыр жазадан оңай сытылып кетті

Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді

Талқылау