Ақмола облысында мектеп мұғалімі есірткі сатқан

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 21:31

Ақмола облысында мектеп мұғалімі героин саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, алдымен тауар жеткізуші және мұғалім мен оның күйеуі, Одесское ауылында есірткі алып жатқан кезінде қолға түскен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

1817_0

Ал тағы үшеуін күдіктілердің көрсетуі бойынша ұстаған. Тергеу мәліметінше, ауыл мектебінде, бастауыш сыныпқа ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалима есірткі бизнесін әбден дөңгелеткенге ұқсайды. Оған клиенттері телефон арқылы тапсырыс беріп отырған. Ал ұстаз тауарды жеке автокөлігімен үйлеріне жеткізіп тұрыпты. Оны кезекті саудасы кезінде ұстаған полицейлер, үйінен 16 грамм героин және 200 мың теңге ақша тәркіледі. Қазір жазғы демалыста жүрген мектеп мұғалімі бұл есірткі бизнесіне тағы 5 адамды тартқан. Қылмыстық топты басқарған әйелдің қолы тимей қалғанда, есірткіні азаматтық некедегі күйеуі жеткізіп тұрыпты. Аталған қылмысқа кәмелетке жасы толмаған қызы, сіңлісі де тартылған болуы мүмкін дейді полицейлер.

“Қазір 3 адам қамауға алынды. Мектеп мұғалімінің өзі, күйеуі және есірткі жеткізіп тұрған азамат. 3 күдікті қолхатпен жіберілді. Бұлардың қатары әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені олар есірткіні осы маңайдағы Степногор қаласында, Шортанды, Ақкөл аудандарында сатты дген күдік бар”, – дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.


Жіберіп алмаңыз:

Жаңаөзенде балабақшадағы былықты видеоға түсірген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Ақтөбеде жігіттерді әскерге жіберу үшін пара алған полковник ауыр жазадан оңай сытылып кетті

Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді

21 жастағы студент болашақта тек танымал адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар