Ақтөбеде жігіттерді әскерге жіберу үшін пара алған полковник ауыр жазадан оңай сытылып кетті

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 21:24

Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты. Ғалымжан Жантөрин жігіттерді әскерден алып қалу үшін пара алды деп айыпталған болатын, – деп хабарлайды КТК арнасы.

ртр

Алғашқыда оған қарамағындағы аудандық бөлім басшыларын қыспаққа алып ақша бопсалады, қомақты пара алды деген айыптар тағылды. Дегенмен, айғақтың жетіспеушілігінен біразы қысқарыпты. Соңында тек екі жігітті әскерден алып қалу үшін қызметін 40 мың теңгеге бағалағаны дәлелденген. Бұл ақшаны Ғалымжан Жантөринге Мұғалжар ауданындағы әріптесі жеткізген. Енді ол осы қылмысы үшін өмір бойына мемлекеттік қызметке жолай алмайды. Полковник шенінен де айрылып отыр. Әрі жемқор деген атаққа ие болған бұрынғы әскери бір ай ішінде 2 миллион теңге айыппұлды өтеп болуы тиіс.

“Жантөрин Ғалымжан Қуанышбайұлы қылмыстық кодекстің 366-бабы бірінші тарамағы бойынша алған парасынан 50 есе артық айыппұл төлеп, дүние-мүлкі тәркіленсін. Өмір бойына мемлекеттік қызметке тұру құқығынан да айырылсын”, – дейді Ақтөбе гарнизоны сотының судьясы Бекболат Тәжімұқан.


Жіберіп алмаңыз:

Маскүнем дәрігерлерге ем-домды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді

21 жастағы студент болашақта тек танымал адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Күйеуі белдікпен сабаған жүкті әйел төркініне қайтуға ұялып жүр

Жас келіншек өзін кінәлауға дайын тұратын қайын әпкесі туралы айтып жылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар