Еліміздің бас ветеринары 5 теңге пайда үшін ұзақ мерзімге түрмеге жабылды

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 21:42

Бүгін  Астана соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды қызметкері Сақташ Хасеновке үкім кесті. Енді Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің экс-төрағасы 8 жылын  абақтыда  өткізеді.  Хасенов кәсіпкерден 5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде  ұсталған болатын. Ол елге тыйым салынған украиналық құс етін заңсыз өткізген, – деп хабарлайды КТК арнасы.

20170405134011

Фото: Казинформ

8 айдан бері тергеу абақтысында отырған Сақташ Хасенов өзге шенеуніктер құсап сот үкімін ұзақ күтпеді. Судья бас ветеринарға қатысты процесті өте қысқа уақытта – небары бір айда қарап шықты. Сақташ Хасеновке кәсіпкерден 37 миллионға жуық  теңге пара алған деген айып тағылған болатын. Ол бұл қаржыға украиналық құс фабрикасының қауіпті инфекция анықталған өнімдеріне  уақытша салынған  тыйымды алып тастаған. Яғни, Хасенов елге импортталған еттің әр келісінен 5 теңге талап еткен. Бүгін Астана соты шенеунік ісіне нүкте қойды.

“Хасенов кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылсын және бар мүлкін тәркіленсін. Сондай-ақ, Хасеновке  өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруға шектеу қойылсын”, – дейді судья Әділхан Шайхисламов.

Негізі, прокурорлар Хасеновті 10 жылға соттауды сұраған. Алайда судья шенеуніктің жазасын жеңілдетіп отыр.

“Сот Хасеновтың жазасын жеңілдетті. Бастапқыда тергеушілер Хасеновке аса  ірі көлемде пара алды деген айып таққан еді. Бірақ оны дәлелдей алмады. Сондықтан сот  пара көлемін 11 миллион теңге деп қалдырды”, – дейді адвокат Владимир Русин.

Хасеновтың ақша тасыған сыбайласы Елена Решетько кінәсін бірден толық мойындаған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкері бүгінге дейін үйқамақта болған. Ол  4 жылға сотталды. Сөйтіп тура сот залында қолына кісен салынды.

Үкімді тыңдауға келгендердің арасында Хасеновтың қорғаушысы әрі туған ағасы Бақытжан Хасенов болмады. Ол «әйел зорлады» деп айыпталып, істі болған екен. Сондықтан прокурорлар судьядан Бақытжан Хасеновты процестен мүлдем аластатуды сұраған еді. Естеріңізге салсақ, былтыр қарашада Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасын кезекті 5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұстаған болатын.

Хасеновке пара берген кәсіпкерлер сотқа қатысқан жоқ. Ал 57 жастағы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің экс-төрағасы үкіммен келіспеді. Сондықтан оның қорғаушылары әлі апелляциялық сотқа шағымданбақ. Бұған олардың 15 тәулігі бар.


Жіберіп алмаңыз:

Наразылық: Алматы облысында тұрғындар тас жолға жатып алды

Ақмола облысында мектеп мұғалімі есірткі сатқан

Жаңаөзенде балабақшадағы былықты видеоға түсірген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Ақтөбеде жігіттерді әскерге жіберу үшін пара алған полковник ауыр жазадан оңай сытылып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар