Ақтөбедегі даудан соң елімізде трансплантация саны күрт азайған

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 21:49

Шудан кейін донарлар ағзасын кесіп беруге жүрексініп қалыпты. Сондықтан, Денсаулық сақтау министрлігі сол олқылықтың орнын толтыру үшін  үгіт-насихатты күшейтті. Тіпті, ағзаға зәру науқастарды жинап, жұрттың жүрегін елжіретуге тырысты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

italjanskaya-medicina-padyja-rim

Елімізде қазір үш жарым мыңнан астам науқас ағза трансплантациясына мұқтаж. Бірі бауыр, енді бірі бүйрек пен жүрекке зәру. Ауыруы асқынса да ағзасын ауыстыру үшін жылдар бойы кезегін күтіп жүр.

“Әр қоңырауды күнде күтіп отырамын. Донор табыла  ма деген үмітпен. 11 жыл болды екі операция өттім. Ендігі үмітім тек қана жүрек ауыстыру. 4 балам бар соны өсіру керек”, – дейді науқас Талғат Айнақұлов.

Бірақ, мұндай науқастарға донорды табу үлкен мұң болып тұр. Оның үстіне елімізде ағзасын бөліп бергісі келетін қайырымды жандардың саны екі есеге азайып кеткен. Бұған Ақтөбедегі трансплантация дауы да себеп болыпты. Яғни, дәрігерлер қайтыс болған 22 жастағы Серікболсын Көшербайдың қос бүйрегін туыстарының рұқсатынсыз сойып алып, науқасқа салып берген еді. Кейін арты дауға ұласып, марқұмның жақындары сотқа жүгінген болатын.

“Осындай трансплантация туралы жағымсыз жаңалықтар донорларға ауыр тиеді. Осылай жалғаса берсе, елімізде ағзасын бөліп бергісі келетін адам қалмай қалуы мүмкін. Біз мұны өзіміз үшін емес, адам өмірін сақтап қалу үшін істеп жатырмыз”, – дейді Ұлттық хирургия ғылыми орталығының директоры Болат Баймаханов.

Өмір үшін күресеміз деген дәрігер сол үшін бүгін донорлықтың маңызы туралы айтып берді. Тіпті, сырқат жандарды жинап, жұрттың жүрегін елжіретті. Дәл осылай ағза трансплантациясын қажет ететін науқастардың көбіне бүйрек қажет. Қалғаны бауыр, жүрек пен өкпеге мұқтаж екен. Енді оларға сәті түсіп  донор табылғанша кезегін күтуге тура келеді. Бірақ Ақтөбедегі даудан кейін дәрігерлерге сенімді қайтару қиынға соғатын түрі бар.


Жіберіп алмаңыз:

Еліміздің бас ветеринары 5 теңге пайда үшін ұзақ мерзімге түрмеге жабылды

Наразылық: Алматы облысында тұрғындар тас жолға жатып алды

Ақмола облысында мектеп мұғалімі есірткі сатқан

Жаңаөзенде балабақшадағы былықты видеоға түсірген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар