Оралда араққа сылқия тойған ер адам өз анасын пышақтап өлтірді

Жұма, 30 Маусым , 2017 13:22

Оралда 58 жастағы Сергей Сованенко өз анасын пышақтап, сосын достарымен бірге арақ ішуге кетіп қалған.

Безымянный

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Қылмыстық істерді қарайтын ауданаралық мамандандырылған соты ер адамды 13 жылға бас бостандығынан айырды.

“2017 жылдың 9 наурызында Сованенко өзінің Гиганов деген танысының үйінен алкоголді ішімдік ішеді. Арақ таусылғаннан кейін айыпталушы әлгі танысымен бірге үйіне ақша алуға келген. Сованенко Гигановпен бірге үйіне келген кезде, анасы оған үнемі ішетіндігі үшін ұрыса бастайды. Ұрыс кезінде Сованенко қолына пышақ алып, анасының жүрек тұсына бағыттайды. Сондай-ақ, басынан бірнеше рет жұдырықпен ұрған. Алған ауыр жарақаттан кейін қарт әйел оқиға орынында көз жұмады”, – деді судья.

Мұның барлығын дәлізде тұрған Гиганов көрген. Ал Сованенко болса анасымен ұрсысып шаршағандықтан осындай әрекетке бардым депті. Оқиғадан кейін Гиганов екеуі қайтадан арақ ішуге кетіп қалады.

Қылмыстан кейін айыпталушы достарымен пәтеріне келген. Анасының өлі денесі жатқанына қарамастан, олардың ешбірі полиция шақырмапты.

Ер адам өз кінәсін мойындаған. Бірақ сотта тергеушілердің қысымымен қылмысты мойынына алғанын айтыпты.

Оқи отырыңыз:

Екібастұзда екі жігіт лаулап жанған үйден әйелді шатыр арқылы алып шықты (видео)

Қостанайда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды

Алматы-Қапшағай жолында қызметін атқарып тұрған полицей қаза болды

Алматыдағы көпқабатты үйдің өртенуіне қоқыстанған балкон себеп болған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар