Алматыдағы көпқабатты үйдің өртенуіне қоқыстанған балкон себеп болған

Дүйсенбі, 26 Маусым , 2017 22:29

Балконнан басталған өрт, бүкіл үйдің тұрғындарын көшіруге мәжбүрледі. Алматының ең қымбат ықшамауданында тұтанған тілсіз жау әп-сәтте 2 пәтерді күлге айналдырған. Қайта, іште адам болмапты, деп хабарлайды КТК.

2602176

Фото: Данияр Дауталиев

Дегенмен, құтқарушылар басқа пәтерлерден дереу 60 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Негізі, өрт тұтанған 6-қабаттағы үй жалға берілген екен. Сондықтан, оған әбден көңіл көтерген қонақтар себеп болуы мүмкін.

Таңертең тұтанған өрт тұрғындарды да, құтқарушыларды да аяқтан тік тұрғызды. Бұл жолы элиталық «Самал» ықшамауданындағы 12 қабатты үй отқа оранған.

Жалын алтыншы қабаттағы пәтерден басталып, жоғары қабаттарға көтеріліпті. Одан 2 пәтердің түгі қалмай өртеніп кеткен. Құдай сақтап, екеуінде де адам болмады. Ал, құтқарушылар жалпы саны 60 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 12-сі бала.

Сәуле Жашыбаева санаулы минутта шаш етектен шығынға батқандардың бірі. Оның ипотекаға алған баспанасы күлге айналған. Дүние-мүлкі де енді жарамсыз. Тілсіз жаудың абайсызда тұтанғанына ол сенбейді.

“Өрт әдейі қойылған. Бұл маған кектеніп жүрген көршімнің ісі. Ол алтыншы қабаттағы үйді тәуліктеп жалға береді. Соның балконынан менің пәтеріме қарай от қойған”, – дейді зардап шегуші Сәуле Жашыбаева.

Қазір оқиғаның басқа да болжамдары айтылуда. Өрт тұтанған пәтердің күнбе-күн жалға берілгенін өзге тұрғындар да растады. Сондықтан, олар апатқа сол пәтерге келіп, әбден көңіл көтерген қонақтарды кінәләйді.

“Апатқа сол пәтерді жалға алған адамдар себеп болған. Олар бірдеңені қосып, өшірмей кеткен. Содан өрт шығып отыр”, – дейді оқиға куәгері Виктория Денисова.

Өрт темекі тұқылынан тұтанған деген де болжам бар. Алайда, 2 пәтерді күлге айналдырған тілсіз жаудың нақты себебі белгісіз. Оны қазір төтенше жағдай қызметкерлері анықтап жатыр. Ал, оның қорытындысы 1 айға созылуы мүмкін.

Десе де, төтенше жағдай қызметкерлері 2 пәтер де тұруға жарамды деп отыр. Себебі, қап-қара күйе болған жерлер өртенген аумаққа жатпайды екен.

“Өрт-сөндіру бөлімшелерінің сарбаздарының айтуы бойынша, 16 шаршы метр деп тураланып тұр өрттің аумағы. /07:28/ – Күйе жағылған, ыс жағылған жер оттың қатысуымен шалынған болып саналады. Ол отқа жатпайды”, – дейді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Баспанасыз қалған тұрғындар кінәлілердің шығынды өтеуін талап етпек. Ал, ол үшін сотқа шағым түсіруге дайын отыр.

Тағы да оқыңыз:

Димаштың 58 жастағы америкалық фанаты көлігінің нөміріне DIMASH деп жазып алған (фото)

Павлодарда бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиеші ақыры жұмыстан қуылды

Қызылордалық шеберлер «Экспо» көрмесіне орай ашылған этноауылдағы былықты жайып салды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар