Атырау облысының әкімі Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады
Атырау облысының әкімі өңірге келіп жеке концертін берген әнші Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Әншінің сахнада жүргеніне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған кеш облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрда өтті.
“Біз сол кездің ескі теледидарларынан “Әлия” әнін тыңдап өстік. Содан бері талай жыл өтті, сіздің қаншама тыңдаушыларыңыз пайда болды. Ең бастысы олардың бәрі сізді үнемі жақсы көреді. Барша Атырау тұрғындарының атынан мына домбыраны сізге сыйға тартуға рұқсат етіңіз”, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Тегін өткізілген концертте қала тұрғындары мен қонақтары Роза Рымбаеваның әндерін 2 сағат бойы рахаттана тыңдады.
Оқи отырыңыз:
Музыкалық білімі жоқ өнер иелері кімдер? (фото)
Айнұр Тұрсынбаева Қарақаттың қызының “жасауын” әзірлеп берді
Омырауын ашып, қысқа көйлек киген Жәния Джуринская жанкүйерлерін шошытты (фото)
Малақай мен домбыра: Қазақстанда Джеки Чанға не сыйлады? (видео)