Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында төбелескен екі имам жұмыстан қуылды

“Зинеден Құрасұлы” мешітінің имамдары дін қызметкерінің этикасын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды.

96_main_new.1482911054

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін қызметкерінің этикасын бұзған екі имамды жұмыстан босатты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында орналасқан “Зинеден Құрасұлы” мешітінің бас имамы Құрметқали Бақтығұлов пен наиб имам Қанайбек Салиев дін қызметкерінің этикасын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды.  ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі аталған азаматтардың қызмет барысында сөз таластырып, келіспей қалғандығын анықтаған.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын 2017 жылдың 22 мамырында болып кеткен оқиға туралы объективті ақпарат беруге шақырады”, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы Исатай ауданы “Зинеден ата” мешітінде ел алдында бас имаммен жаға жыртысқан наиб имамға сот айыппұл салды деп хабарлаған едік.

“Сот отырысында наиб имам өз кінәсін мойындап, бас имамнан кешірім сұрады. Сот үкімімен құқық бұзушы айыпты деп танылып, оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды”, — деген ақпарат таратқан еді Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз:

Желі қолданушысы Орал қаласының атауын орысшалап жазғандарға ашуланды

Астанадағы атты полицейлер кімдер? (фото, видео)

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің ЭКСПО-2017 көрмесіндегі және басқа да жобалары

Талқылау