Атырау облысында әкімге жалпақтаған лауазымды полицей жұмыстан қуылуы мүмкін
Шенеунікке болысам деп, шенінен айрылуы мүмкін. Махамбет аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы әкімдерге жалпақтаймын деп, қарамағындағы қызметкерлерін балағаттаған. Тіпті, толтырған хаттаманы да жыртып тастапты, деп хабарлады КТК.
Тәртіп сақшылары аудандық әкімдікке тиесілі трактористке хаттама толтырған екен. Бірақ, ол өзінің тікелей бастығы – Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мәлік Амановқа телефон соқса керек, оқиға болған жерге жедел жеткен шенеунік мәселені өзі шешпек болыпты. Тек, полицейлер көнбеген соң жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрлыбек Досқайыровтан көмек сұраған.
Шенді полицей де, келе сала қызметкерлерінің қолынан хаттаманы жұлып алып, балағаттай жөнеліпті. Аузына келгенін айтқан майорға қатысты қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Қызметінен де шеттетілуі мүмкін. Кез-келген жазаға аудан әкімінің орынбасары Мәлік Аманов та дайынмын деп отыр.
“Өзімнің ісіме өкінемін. Әдеп кеңесі бағасын береді ғой, мен басқа ештеңе айта алмаймын”, – дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аман Мәліков.
Оқи отырыңыз:
Бойжеткен достасқысы келген елестен қашқаны үшін өзін кінәлі сезініп жүр
Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды
Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған
Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан