Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау қаласында оюмен безендірілген шырша құрылды (фото)

Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов кезекті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді, Ол әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызған Исатай-Махамбет алаңындағы шырша туралы да пікірін білдірді.

Бұл туралы “Мой город” басылымы жазды.

“Біздің қала халқы үшін шырша тұрғызбауымызға және қаланы безендірмеуімізге де болатын еді. Бірақ, Астана, Алматы сияқты қалалардағы әдемі безендірілген шыршалар мен көшелерді көргенде тамсанамыз. Менің ойымша, “қала” деген атағына лайық болуы үшін безендірілуі керек”, -деді қала әкімі.

Әлеуметтік желіде мемлекеттің қаржысына шыршаның орынына кедейлерге көмектесу керек деген пікір білдірушілер саны көп.

“Егер, біз жаңа жылдық шырша орнатпай, түрлі безендірулер жасамасақ, адамдар тағы да ренжитін еді”, -деді әкім Серік Шапкенов.

Айта кетейік, биыл Атырау қаласын жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 89 млн теңге бөлінді. Өткен жылы 59 млн теңге жұмсалған еді.

Тағы оқыңыз: 

Астанада еліміздің бас шыршасы жағылды

Алматыда салтанатты түрде бас шырша шамы жағылды

Ирландиялық әжей жаңа жылдық шыршаны әйелдерге арналған іш киіммен безендіріп қойған

Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды

 

Талқылау