Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Atyrau Jastar Fest – 2025" гала-концертін 20 мыңнан астам көрермен тамашалады

размещение

Атырауда Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған "Atyrau Jastar Fest – 2025" онкүндігі аясында ашық аспан астындағы ауқымды гала-концерт өтті. Іс-шараны 20 мыңнан астам қала тұрғыны тамашалады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

10 тамызда басталған фестиваль жастардың шығармашылық әлеуетін, спорттық жетістіктерін және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған 20-ға жуық іс-шараны қамтиды. Олардың ішінде поэзия және кітап кештері, "Atyrau Quiz" бен "Atyrau Puzzle Day" зияткерлік ойындары, "Ulttyq Cover" және "Atyrau Youth Dance" өнер байқаулары, "AJF eSports Cup — 2025" киберспорт турнирі ұйымдастырылды.

размещение

Гала-концерт барысында "Тәуелсіз ұрпақтары" грант жобасының алты бағыты бойынша 18 қатысушыға әрқайсысына 1 миллион теңгеден сертификат табысталды. Сонымен қатар "AJF eSports Cup 2025" турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Фестиваль 24 тамызға дейін жалғасады. Алдағы күндері жастар "Atyrau Youth Hackathon" инновациялық сайысына, "Tungi Run" кешкі марафонына қатысып, мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған үш күндік шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 17 Тамыз, 2025 15:31
Талқылау