Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ату жазасы болса, сұрар едік”: Ақтөбеде бір отбасын кепілге алған ер адам өмірінің соңына дейін түрмеге қамалды

ер адам Ақтөбе сотталды

Фото: Stan.kz

Ақтөбеде сүйіктісінің 67 және 74 жастағы ата-анасын пышақтап, балталап өлтіріп, жертөлеге лақтырып тастаған сотталушыға үкім шықты. Үкімді естіген жәбірленушілер жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1,5 айдан бері қаралып жатқан қылмыстық істің үкімін оқыды.

38 жастағы сотталушы Сәрсенбек Басановқа Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабымен тағылған айып сотпен дәлелін тапты. Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” 2-бөлігі, 1, 3, 5-тармағы, 126-бабы “Бас бостандығынан заңсыз айыру” 2-бөлігі 3, 4-тармағы, 107-бабы  “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру“ 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Енді ол өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізеді.

“Түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны – қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі. Элеонора Әлидің азаматтың талап аразы ішінара қанағаттандырылып, С.Басановтан 7 353 500 теңге материалдық, 20 миллион теңге моральдық шығын, 500 мың теңге заңды өкілге жұмсаған шығыс өндірілсін”, – деді судья Жәнібек Сейтжаппаров.

74 жастағы Байғани Әлиев пен 67 жастағы Зина Шаймағанбетова кепілге алу оқиғасы кезінде бірнеше сағат бойы сарай жертөлесінде қансырап жатқан. Олар алған жарақатынан көз жұмды. 

марқұмдар өмір бойы

Фото: Stan.kz

Үш адамды кепілде ұстау операциясынан кейін сарайдың жертөлесінен табылған 74 жастағы Байғани Әлиев пен 67 жастағы Зина Шаймағанбетова қайтыс болған еді.
Марқұм Байғали Әлиевтің қыздары үкімнен кейін жылап қалды.

Ақтөбе ер адам

Фото: Stan.kz

“Папамыз қайтпайды. Бүгін жаны тынышталып, біз жақсы ұйықтайтын шығармыз. Кім кінәлі болса да, әке-шешеміздің әрауағы ұрсын. Кінәлі адамдар өз жазасын алсын. 6 ай жүрдік осы іспен. Жынды болып кете жаздадық. Ату жазасы болса, ату жазасын сұрар едік. Әрине, келісеміз, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Қолымен істегенін, мойнымен көтерсін”, – деді жәбірленуші Элеонора Әли.

Айта кетейік, сот кезінде марқұм Бағалидың қыздары жәбірленуші Қазтуғанованың анасы Зина Шаймағанбетова туралы жақсы естеліктер айтты.

“Шырылдаған шешесін тыңдап, жақсы өмір сүргенде... Шешесі бүкіл жағдайын жасап отырды. Ол өмір сүрген жоқ. Жігіт айтты, баласы айтты. Әкеміз бізге ештеңе айтпады. Қайтыс болған кезде білім жатырмыз. Қыз тып-тыныш өмір сүргенде... Ана жігіт те кеше бірталай зат айтты. Өмір бойына бергеніне рахмет. Екі адамның қаны қолында бар. Қинап өлтірді. Іспен танысқанда суреттерін көрдік. Қандай жағдайда екенін көрдік. Өмір бойы көз алдымызда қалады. Қыз өз жазасын көреді. Артынан жүгіретін анасы жоқ”, – жәбірленуші Анар Тәжмұханова.

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға 13 қаңтарда Ақтөбе қаласы Рысқұлбеков көшесінде болды. Кейін сот отырысында айыпталушы сотта соңғы сөзін айтып, аффект жағдайында болғанын жеткізген еді. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 18:55
Талқылау