Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аттың ақшасын алып, жаяу жібергендей": Актер Сәбит Әбдіхалықов Air Astana әуе компаниясын сынады

Танымал актер, кинопродюсер Сәбит Әбдіхалықов еліміздегі әуе кемелерін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sabit_abdykalykov/

Өнер иесі Алматыдан Астанаға ұшпақ болған. 

“Air Astana-дан билет сатып алсақ та, рейсіміз (KC624 Астана – Алматы, 21.02.25, 11:20) FlyArystan-ға ауыстырылған. Бұл туралы соңғы сәтте хабарлап, “толық қайтарым немесе басқа рейске тегін ауыстыруды” ұсынып отыр. Бірақ неге біз Air Astana-ға төлеп, FlyArystan-мен ұшуымыз керек? Қызмет сапасы мен ұшақтың жайлылығы екі түрлі деңгейде. Аттың ақшасын алып, жаяу жібергендей жағдай. Бірдеңе десең, “шағымды сайтқа жазыңыз” деп шығарып салады. Біз осыған үнемі көне беруіміз керек пе?”, – деп жазды актер. 



Stan.kz тілшісі Air Astana әуе компаниясының ресми өкілінен істің мән-жайын сұрап көрді. 

“Өндірістік қажеттілікке байланысты ауыстырдық. Әрі жолаушыларды жолынан қалдырмау үшін және кешігуді болдырмау мақсатында оларға басқа әуе кемесіне мінуге ұсыныс жасадық”, – деп жауап берді ресми өкілі. 

Еске салайық, 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбай, жалғыз тастап кеткеніүшін FlyArystan 8 млн теңге төлегенін жазған едік. 

 

Талқылау