Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар атмосфера қабатының озон түтінімен ластануының күтпеген себебін анықтады

Гонконг политехникалық университетінің қытай ғалымдары ауаның озонмен (O3) қатты ластануының күтпеген себебін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Зерттеу Environmental Science & Ecotechnology (ESE) ғылыми журналында жарияланды. Ондағы деректер бойынша қыс мезгілінде мұнай-химия кәсіпорындарының шығарындылары ауаның ластануына себеп болады.

Атмосфераның беткі қабатындағы Озон күн сәулесінің әсерінен фотохимиялық түтін деп аталатын құрамда қалыптасады. Газ адамның өкпесін зақымдауы мүмкін күшті тотықтырғыш ретінде әрекет етеді. Әдетте озон түтіні жылы мезгілде ауа-райы ашық болған кезде пайда болады.

"O3 мұнай-химия өнеркәсібі объектілері шығаратын алкендерден үлкен концентрацияда түзілуге қабілетті. Бұл процесте ауаның төмен температурасы да, тығыз бұлттылық та кедергі келтірмейді. Алкендер озон өндірісін жеделдететін OH, HO2 және RO2 реактивті радикалдарын тез шығарады", - делінген зерттеуде.



Зерттеушілердің айтуынша, мәселені шешу үшін күннің бірінші жартысында мұнай-химия кәсіпорындарының шығарындыларын азайту керек. Сол арқылы өнеркәсіптік аудандардағы ауа сапасын жақсарта алады.

Талқылау