"Атлетикке" Ляпортты тіркеуге ФИФА рұқсат бермеді
Фото: Reuters
Бильбаоның "Атлетик" клубы қорғаушы Эмерик Ляпортты тіркеуге ФИФА рұқсат бермегенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін испандық клуб "Аль-Насрмен" келісімге келіп, трансферді рәсімдегені белгілі болған. Алайда саудиялық команда мәміле туралы деректерді TMS жүйесіне (FIFA-ның Transfer Matching System – трансферлерді сәйкестендіру жүйесі) уақытынан кеш жіберген.
Бүгін "Атлетик" ФИФА Корольдік испан футбол федерациясының (RFEF) ерекше жағдай жасау туралы өтінішін қанағаттандырмағанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда клуб келісімді аяқтау үшін заңдық мүмкіндіктерді қарастыруда. Егер трансфер жүзеге аспаса, мәміле жойылады және испандық клуб үшін ешқандай қаржылық салдары болмайды.
Талқылау

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
Исламтанушы Қанат Байбосынұлының сөзінше, Сириядан келген мигранттардың басым бөлігі Қазақстанға "Жусан" операциясы арқылы оралды