"Атқарылған шараның барлығы бірыңғай жақсы болған жоқ": Дәурен Абаев министр ретіндегі қызметінің қорытындысымен бөлісті

Қазақстан Республикасының бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президент әкімшілігіне ауысқан болатын. Өзінің жұмысының қорытындысын жайлы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АбаевЭкс-министр өзіне тілектес болған қазақстандықтарға алғысын білдірді. 

"Құрметті достар! Баршаңызға лебіз-тілектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Еліміздің ақпарат саласына жауапты министрлікке жетекшілік еткен жылдары өздеріңізбен бірге табанды, жемісті еңбек еттік деп санаймын. Біз көтерген бастамаларды қолдап, әркез ой-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді ашық білдіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерге жанашырлық танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғыс айтамын. Қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тас-түйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет", - деп жазды Абаев. 

Экс-министр жаңа лауазымды үлкен мәртебемен қабылдайтынын атап өтті. 

"Мемлекет маған үлкен үміт артып отыр, сол себепті оны ақтау үшін бар күшімді саламын. 4 жылда біраз жұмысты іске асырдық. Барлығы бірыңғай жақсы болды деп айта алмаймын. Бірақ біз мемлекеттің мүддесі үшін еңбек еттік", - дейді ол. 

Сондай-ақ ол еліміздің жаңадан тағайындалған ақпарат министрі Аида Балаеваны жаңа лауазымымен құттықтады. 


Дәурен Абаев президент әкімшілігіне ауысты

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр