Атышулы Қуат Хамитов Дубайдағы турнирде сенсациялық жеңіске қол жеткізді
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (27-8-2) Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен ACA 194 турнирінде жеңісі жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жолы ол ресейлік файтер Анатолий Бойкомен (12-4) жартылай орта салмақта күш сынасты. Үш раундқа жоспарланған айқаста төрешілер бірауыздан Қазақстандық файтерді мықты деп тапты.
Айта кетейік, бұл бәсекенің алдында сарапшылардың басым бөлігі Бойконы фаворит санаған еді. Алайда Хамитов рингтегі тәжірибесі мен тактикалық шеберлігін көрсете отырып, қарсыласын толықтай бақылауда ұстады.Ал бұл жеңіс Қуат Хамитовтың кәсіби мансабындағы 27 жеңісі болып тіркелді. Қарсыласы ресейлік файтер төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Еске сала кетсек, Хамитов соңғы рет 2024 жылдың мамыр айында әйгілі Александр Шлеменкомен (68-17-1) кездесіп, төрешілер шешімімен ұтылған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр

