Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы қалаулымдық Замира: Енем сен секілді келін керек емес деді

“Қалаулым” бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Замира Сұлтан отбасы мен жеке өмірі, енесімен қатынасы туралы айтты. Блогердің бүгінде некелі жолдасы бар. Алайда енесімен ара қатынасы жақсы емес. 

Жыныстық қатынасқа құмармын

Бұл туралы “Өзге Қазақстан” бағдарламасында айтылды.

Замираны көпшілік “Қалаулым” бағдарламасы арқылы таниды. Дөрекілігімен көзге түскен атышулы әйел бүгінде некелі жолдасы барын айтты. 

“Мен 1 жылдан аса азаматтық некеде тұрдым. Барлық жігіттердің несиесі бар, ипотекасы бар, алименті бар, бәрінің басы былық. Ал таза жігіттердің жасы кіші. Олар мені апа қылып алмайды ғой. Сондықтан қайта өз күйеуіме қосылдым. Қандай болса да, ұрса да, соқса да өз байым жақсы екен. Ол мен секілді жатып алып желіден ақша таппайды. Көлік айдап ақша табады. Солай тапқан ақшам жақсы дейді. Не үшін шалбар киіп, еркек болып жүрмін деп таза еңбек етеді”, – деді Замира.

Замира енесімен қатынасы жақсы болмағандықтан, өзіне сырға салмағанын ашып айтты.



“Енем сен секілді адамның келінім болғанын қалаған жоқпын деді. Сондықтан маған сырға салғысы келмеді. Мен той жаса деген жоқпын. 50 адам шақыр деген жоқпын. Жай ғана анамның алдынан өтіп, сырға салып, 5-6 адамның басын қосса дедім. Сол ғана еді сұрағаным. Ақырында ұрыс болды. Күйеуім арзан сырға алып берді. Мен үстіне ақша қосып, гаухар сырға алдым”, – деді ол. 

Замираның алдыңғы екі күйеуі де салт-дәстүрді ұстанбаған екен. 

“Маған кездескен жігіттердің бәрі сондай. Ешқайсысы қазақ дәстүрін білмейді. Бәрі орыс секілді. Егер маған күйеуім қол көтеретін болса, мен 20 бала тусам да бәрін тастап кете беремін. Мен сондай адаммын”, – деді ол. 

Замира 120 келіден күн сайын 1 келі арықтап, бүгін 114 келіге арықтады. Оған отаның көмегі тиген. 

“Менің тұқымымда қант диабеті бар. Екінші дәрежелі қант диабетін ота арқылы алып тастауға болады. Ол үшін асқазанды кішірейтеді. Бірақ өмір бойы витамин ішесің. Алайда оны бәріне дәріптемеймін. Әркімге әрқалай әсер ететін шығар. Мен семіздік үшін емес, денсаулығым үшін жасаттым. Екі сағат жүрсем, арқам ауырып жүре алмай қаламын. Денсаулығым жарамайды. Сондықтан отаға түстім”, – деді ол.

Атышулы блогер желі арқылы айына 700 мың теңге табыс табатынын жасырмайды.

“Мен көп ақша таппаймын. 700 мың теңге табамын. Себебі ойындарды адал ойнатамын. Менде бәрі шынайы, сол себепті 50 мың алып 500 мың беремін деп алдамаймын. Ақшам өзіме жетеді”, – деді ол. 

Талқылау