Атыраулық полицейлер есірткі сақтағаны және тасымалдағаны үшін сотталды
Атырауда №2 қалалық сот мотоцикл дөңгелегіне есірткі тығып, оны тасымалдаған облыстық полиция департаментінің екі қызметкеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.
Сот полиция қызметкерлерін кінәлі деп танып, шенінен айырды. Сонымен қатар 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-тармағының 4-тармақшасы ("Лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша жүргізілді.
Айта кетейік,14 ақпанда әкімшілік полицияның "майор" және "капитан" шеніндегі екі қызметкері мотоцикл дөңгелегіне марихуана жасырып тасымалдағаны үшін ұсталған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”