Атыраулық тұрғын кеңес үкіметінің құжатымен 65 жыл өмір сүріп келген
Өңірде бүгінге дейін Кеңес үкіметі кезіндегі құжатпен өмір сүріп келген 1958 жылы туған тұрғын анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Индер ауданының тұрғыны тек биыл, онда да, денсаулық жағдайы мен зейнет жасына шығуына орай мәселелер туындаған кезде ғана жеке куәлік алып отыр. Ол полицейлерге жедел жұмысы мен көлдей көмегі үшін шексіз ризашылығын білдірді.
"Аудандық полиция бөлімі басшысының нұсқауымен көші-қон қызметі тобының аға инспекторы тез арада қажетті құжаттарды дайындап, ақсақалға жеке куәлік табыстады. Өткен жылы осыған ұқсас үш жағдай Құрманғазы ауданында тіркелді" делінген полиция хабарламасында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”