Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық блогер Тоқаевты балағаттаған видеосы үшін қамауға алынды

Фото: pixabay.com

Атырау блогері Instagram парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған бейәдеп сөздер айтылған видеоны жариялаған. Ол бейнероликте мемлекет басшысын балағаттап, "ел халқы жертөледе өмір сүріп жатыр" деп мәлімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Көптеген қолданушы оны орынсыз әрі дөрекі деп бағалады.

12 маусым күні сот аталған блогерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша істі қарады. Іс материалдарына сәйкес видео қоғамдық тәртіп нормаларын бұзып, айналадағыларға ашық түрде құрметсіздік білдіреді.

"Сот құқықбұзушыны кінәлі деп таныды. Сот отырысы барысында блогер өз әрекетіне өкініш білдірді, бұл жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Алайда құқықбұзушылықтың сипаты мен оның қоғамдық қауіптілік деңгейін ескере отырып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.


"Орамалмен келгені, мұғалімді балағаттағаны үшін": Қазақстандық оқушылар қандай жағдайда мектептен шығарылады


Қазақстанда келін өзін балағаттаған енесін сотқа берген


Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облыстық соты келініне балағат сөздер айтқан қазақстандық ер адамға бірнеше күндік қамау жазасын беріп, 3 ай алкоголь ішуге тыйым салды. Соттың желідегі ресми парақшасында хабарланғандай, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Арал аудандық сотында қаралған.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 18:05
Талқылау