Атыраулық ата-аналар жабылып қалған Qazbilim мектебіне төлеген ақшаларын қайтара алмай жүр
Видеодан скрин
Атыраулық ата-аналар жабылып қалған Qazbilim мектебінің басшылығанан ақшаларын қайтаруды талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ата-аналардың айтуынша, Атыраудағы Qazbilim Atyrau жеке лицейі 19 тамызда жұмысын тоқтатса да, шешім туралы оларға тек 21 тамызда хабарланған. Ата-аналар алдын ала төленген оқу ақысын қайтара алмай жүргендерін айтады.
"Біз оқу жылының ақысын алдын ала төлеп қойғанбыз, бірақ ақшамыз әлі қайтарылған жоқ. Мектептегі барлық отбасы осындай жағдайға", – дейді ата-аналар.
Олардың айтуынша, мектептің жабылуы күтпеген жағдай болды. Қазір ата-аналар балаларына басқа мектеп іздеуге мәжбүр.
Qazbilim Atyrau мектебінің басшығы оқу орнының қызметін тоқтату туралы шешім Атырау облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің лицензияны тоқтатуымен байланысты екенін атап өтті.
"Білім беру барысында қиындықтар туындамауы үшін жұмысымызды тоқтатуға мәжбүр болдық. Ата-аналардың қиын жағдайға қалмауы үшін қаладағы бірнеше жеке мектеппен келісімге келдік. Төленген қаражат сол мектептерде оқу ақысын төлеу кезінде есептеледі, олармен өзіміз есептесеміз", – делінген мектеп басшылығының жауабында.
Сонымен қатар мектеп басшылығы баласын мүлде басқа мектепке ауыстырғысы келетін ата-аналардың ақшасын мектептің мүлкін сату арқылы қайтаруға уәде берді.
Qazbilim мектептерінің басшысы Аятжан Ахметжанұлы Атыраудағы мектептің жабылуы мәжбүрлі шара болғанын атап өтті.
"Біз мұнда үш жыл бойы жұмыс істедік және облыстың үздік мектептерінің қатарында едік. Өкінішке қарай, жағдай осындай болып, жұмысты тоқтатуға тура келді", – деді ол.
Берілген уәделерге қарамастан, ата-аналар ақшаның қайтарылатынына сенімсіздік танытты. Кейбір отбасылар құзырлы органдарға бірлесіп шағымдануға дайындалып жатқан көрінеді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда мектеп оқушылары сабақтарын коттеджде оқуға мәжбүр екені туралы жазған едік.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
